ДӘРІГЕР /24/

lat: DÁRİGER /24/

зат. 1. Жоғары білім бар медициналық маман .

Қаным қайнап барады, қаным қайнап, Бір амал тап, дәрігер , халімді ойлап.

Алауыртқан ақынның қолын байлап, Әкетпесін ажал кеп өлімге айдап (2,16).

Дәрігерім , рахмет!

Мен әзірге өлмеймін! Кешіре гөр!

Жүрегімді пышағыңа бермеймін (3,8).

2. поэт. ауыс. Тазалаушы, сауықтырушы.

Аспан, жердің арасын. Дәрігер қыс алуда.

Табиғаттың жарасын Ақ дәкемен таңуда (2,194).